Weekend

Басқа пәле -тілден

Human story

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Күнделікті өмірде көп нәрсені аңдымай, орынсыз сөйлеп жатамыз. "Өзімізге дұрыс көрінгенімен, орынды сөйлейміз бе, жоқ па?" деген сауалдар адамды қызықтырмай қоймайды.

«Жүз күнәнің тоқсан тоғызы тілден» демекші, келесі кейіпкеріміздің өміріне сабақ болған оқиға да осы тілден екен.

Кешкі қала, зуылдап жарыса жүйіткіген көліктер, жол бойында  жұмыстан шаршап, шалдығып автобус күтіп  және такси тоқтатып тұрған қала тұрғындары мен сабағы кеш аяқталған жоғары сынып оқушылары...

Ақтөбеде Еңлік есімді құрбым екеуміздің баратын жерімізге дейінгі арақашықтық өте алшақ емес еді. Күнделікті таксидің бағасы қалта көтере алатындай 200 тг болатын. Қатты жаурап қалдық. Далада, одан қалса жаңбыр. Жаурап қалған біз автобусты күтпей такси тоқтатпақ болдық. Біраз такси тоқтағанымен, бізідің баратын жолымыз бір емес екен. Көп таксидің ішінен біз жаққа баратын бір такси тоқтап бізден 400 тг сұраса, бұл бұрынғы бағасынан екі есе артық болғандықтан біз келіспей, келесі  келген таксистпен ойдағыдай бағаға  келістік.

Таксиге отырған біз алдыңғы таксистің ақшаны көп сұрағанын, таксисттің ұнамағанын айтып, одан қалса бір-бірімізбен жарыса талқылай бастадық. Кенеттен, бізді тыңдап отырған көлік жүргізушісі, оның өз алдында тоқтаған көліктің ішіндегі таксисттің өз інісі екенін айтып, басынан бір өткен оқиғасын бізге баяндай бастады.

«Осындай күндердің бірінде, бір клиентті отырғызып, түнде келе жатқан едім. Алдымыздан бір қыз өтті. Несіне мына қыз түнде, сылқылдап, майысып, өмір көрмегендей жүреді екен деп едім, жаңағы клиент мені соққыға жықты. Не себептен екенін білмедім. Кейін ғана клиентімнің қарындасы екенін ұқтым. Сөйтсем ол жаңағы жанымда отырған клиентімнің жұмыстан келе жатқан қарындасы екен. Ал оның басында бір қиындық болғандықтан, кешкі кезекте де жұмысқа шығып жүр екен. Осыдан кейін адамның не істеп, қалай жүргенін нақты біліп алмай ештеңке айтуға болмайтынын түсіндім. Біз ол адамның басынан не өтіп, не болып жатқанын білмейміз. Мүмкін, ол адам қатты қиналып, оған тез арада ақша керек болып тұрған болар», - деді.

Осыдан кейін біз қатты қызарып, ұялып кеттік. "Жүз күнәнің тоқсан тоғызы тілден" деген сөзді енді ғана ұғынған тәріздіміз...