Weekend

Бауыржан Момышұлы қарт адамдарды 4-ке бөлген

Көпшілігіміз "шал" сөзінің мағынасын түсінбей қолданып жатамыз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақсақалдардың қоғамда, отбасы-ошақ қасында алатын орны қашан да ерек. Қарияның ақылын, өсиетін, терең мағыналы әңгімелерін тыңдап өскен баланың болашағынан зор үміт күтуге болады. Себебі, үлкеннің ақылын бойына сіңіріп өсірген бала аяғын шалыс басып, жаман қадамға бармасы анық.

Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик Бауыржан Момышұлы жасы үлкен қарттарды: шал, қария, ақсақал және абыз деп төртке бөлген.

– шал, 

– қария

– ақсақал

– абыз  

Отбасы, ошақ қасынан ұзап шыға алмай, түтін аңдып, үй аралап, саяси өсек айтатын қарт – шал. Өз әулетін шашау шығармай уысында ұстап, билік жүргізген қартты – қария деп,  тұтас бір ауылдың жыртығын бүтіндеп, айдынын асырып отырған қартты – ақсақал деп, елдің дау-дамайын шешіп, арғы-бергі тарихтан әңгіме қозғап, тұла бойына ұлттық рух, ізгі қасиеттерді молынан сіңірген қартты – абыз деп атаған екен.

Елімізде қария, ақсақал-абыздарымыздың қатары көбейе берсін!

Ал сіз аталған сөздерді дұрыс қолданып жүрсіз бе?