Bugin
Зер салып оқыңыз!
Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы 2020 жылдың қаңтар айынан бастап авторларға арналған жаңа ережені енгізеді. Аталған ереже бойынша әр тәуелсіз автор өзінің жазған мақаласына жауапкершілікпен қарауы тиіс.
Біздің тәуелсіз авторлар платформасында 3 мыңнан астам автор бар. Күніне тұрақты түрде келетін мақала саны 60-тан асады. Ұжымдағы редакторлар 1 жыл бойына авторлардың еңбектерімен жұмыс жасап, қатесін түзетіп, грамматикалық және стилистикалық олқылықтарын қайта өңдеуден өткізіп келді. Платформаның негізгі мақсаттарының бірі сауатты тәуелсіз авторларды қалыптастыру.
Осы ретте ұжым төмендегі ережені ұсынып отыр.