Спорт
Дэйн Уайттың құлағына алтын сырға
UFC-дің бұрынғы қос дивизион чемпионы Конор Макгрегор Хабиб Нурмагомедовпен Мәскеуде реванш өткізгісі келетінін мәлімдеген болатын.
- Хабибтің қабілеті мен стилі бөлек. Сондықтан реваншқа шынайы дайындалдым. Дэйннің неге Хабиб екеуміздің реваншымызды Мәскеуде өткізгісі келмейтінін түсінбей отырмын? Маған Ресей де, орыстар да қатты ұнайды, - дейді Конор Серронемен өткен жекпе-жектен кейінгі баспасөз конференциясында.
Ал жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің бапкері әрі әкесі Абдулманап Нурмагомедов Конорға реванш өткізуге келесідей шарт қойды.
- Біз де Конормен реванш өткізгіміз келеді. Тек 100 млн доллар гонорар беріңдер. Фергюсонмен жекпе-жек өткізгеннен кейін-ақ, ертеңінде-ақ бізге осы соманы ұсыныңыздар. Неге реванш өткізбеске?! Дэйн Уайтқа бұл жекпе-жек ауадай қажет. Келісетін шығар мүмкін, - деді Хабибтің әкесі.
Бұған дейін Уайт Конордың келесі қарсыласы Хабиб болатынын айтқан болатын. Ол әңгіме кезінде Хабибтің жекпе-жектен қашпайтын өр мінезін алға тартқан еді.