Саясат
Шабуыл дронның көмегімен жасалған
Сириядағы Хмеймим әуежайына дрондармен жойқын шабуыл жасалды. Шабуыл жасаушылардың мақсаты әуежайдағы Ресейдің ұшақтары мен техникасын жою болған.
Алайда барлық дронның атып түсірілгені хабарлануда. Бұл жайында Сириядағы ақпараттық кеңістіктің көшбасшысы саналатын САНА мемлекеттік арнасы хабарлады.
Әзірге шабуылды қай террорлық топтың ұйымдастырғаны белгісіз болып отыр. Бұл бірінші шабуыл емес, бұған дейін де дәл осы базаға дрондармен шабуыл жасалып, Ресейдің ұшақтары мен техникаларының көзі жойылған еді. Тіпті, адам шығыны да орын алды.