Weekend
Еңбекке жарамды 900 млн адам бар
Қытай халқы Гонконг, Макао және Тайвань арнайы әкімшілік аудандарын есептемегенде, 2019 жылдың соңына қарай 4,67 миллион адам қосылып, 1,4 миллиардқа жетті.
Бұл туралы ҚХР-ның мемлекеттік статистика бюросы хабарлаған.
2019 жылы елде 14,65 миллион жаңа туған нәресте тіркелді, ал туу коэффициенті мың адамға 10,48 құрады. Осы жылы Қытайда 9,98 миллион адам қайтыс болды, ал өлім коэффициенті мыңға 7,14 құрады. Халықтың табиғи өсімі мың адамға шаққанда 3,34 құрады. Ерлер саны 715,27 миллион, әйелдер саны 684,78 миллион адамды құрады. Тұрғындардың жалпы саны 1 миллиард 400 миллион 50 мың адамға жетті.
16 жастан 59 жасқа дейінгі еңбекке жарамды халықтың жалпы саны 2018 жылы 897,29 миллион адамнан 896,4-ке дейін қысқарды, бұл жалпы халықтың 64% - ын құрайды. 2018 жылы бұл көрсеткіш 64,3% құрады.
65-тен асқан адамдар саны бұл елдің барлық халқының 12,6%-ын құрайды.