Экономика

Шетелдік көліктер тіркелсе, бюджетке 300 млрд теңге қаржы түседі

Халықаралық инвестициялық компанияның сарапшысы Андрей Чеботарев өз есебін Financekaz Telegram арнасында жариялаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Чеботаревтың жазуынша, Қазақстанға шетелдік тіркеуі бар 170 мыңнан астам көлік кірген. Біздің елімізде тіркелу үшін барлық қосымша төлемдердің сомасы 2,3 миллион теңгені құрайды. 

Автордың айтуынша, бұл сома қозғалтқышының қуаты 1,6 литр және құны 3 мың доллар болатын, 3 жылдық және одан да жоғары автокөліктерге төленеді.

Сарапшының айтуынша, қымбат көліктердің төлемі де тиісінше жоғары болмақ.

Чеботаревтың пікірінше, осы 170 мың автокөліктің бәрі бірдей тіркеле алмайды. Ол біздің елімізге келген рөлі оң жақтағы көліктерді атап өтті.

Оның болжамы бойынша, егер автокөліктің 70 пайызы тіркелсе, онда Қазақстан бюджеті 300 млрд теңгеге толығады.

Автор «жүргізушілердің мұндай көліктерді сатып аларда тәуекелге бел байлайтындарын білді» деген оқырмандар пікірімен келісетінін айтқан. Оның ойынша, енді осы азаматтар төлем жасаулары керек.