Экономика

Қазақстан тұрғын үй бағасы қалай қымбаттады?

Бір жыл ішіндегі өзгеріс

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2018 жылдың желтоқсанында сатылымдағы баспананың шаршы метрінің бағасы 266 863 теңге болды.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 2018 жылы (2018 жылдың желтоқсаны 2017 жылдың желтоқсанына қарағанда) жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары - 2,6 пайызға, абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату - 2,4 пайызға, абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату 1,9 пайызға өсті.

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 6 пайызға жоғары болды. Осылайша, жаңа баспананың шаршы метрінің орташа бағасы 266 863 теңге, абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату - 185 965 теңге, абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату шаршы метрі үшін 114 523 теңге болды. Ал абаттандырылған тұрғын үйді жалға алудың бағасы шаршы метрі үшін 1 384 теңгеге жетті.