Денсаулық

Шымкентте туберкулездің 424 ошағы анықталған

Жарты миллионға тарта тұрғынның өкпесі тиген рентген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің баспасөз қызметі қалада туберкулездің 424 ошағыанықталғанын мәлімдеді.  

Vera.kz аймақтық интернет басылымы туберкулездің барлық жағдайы былтыр анықталғанын хабарлады. Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, әр індет ошағында эпидемияға қарсы амалдар жүргізілді. 2362 байланыс субъектісі медициналық тексеруден өтіп, бактериостаз ошақтарында қажетті дезинфекция жүргізілді.

Өкпе ауруына шалдыққандарды алдын-ала анықтау мақсатында 486 823 адамды флюорографиялық тексеру туралы шешім қабылданды. Жоспарланған контингенттің 98,8%-ы міндетті тексерістен өтті. Нәтижесінде туберкулезбен ауыратын 330 науқасты анықталған.

Дерттің алдын алу үшін 38 589 нәресте мен 12 164 бірінші сынып оқушысы вакцина алған. Барлығы 130 703 балаға манту егілді. 3484 балаға қатерлі ісік диагнозының белгісі көрініп, оның 158-і химиопрофилактикадан өтті. Сонда да өңірде туберкулез ауруы тоқтар емес.