Hi-Tech

Amazon компаниясы затқа алақанның көмегімен төлеу технологиясын жетілдіруде

Бұл технологияны Amazon желтоқсан айының соңында патенттеп алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Джефф Безостың компаниясы алақанды сканерлеу арқылы банктік карта ұстаушысы туралы ақпарат алатын төлем терминалдарын құруды бастады. 

Мұндай терминалдар төлем процесін тездетеді және клиенттер көп келетін мекемеде: кафеде немесе фастфуд мекемелерінде орнатылады деп болжануда. Бұл туралы Bloomberg өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазір жоба ерте сатысында, алайда компания жаңа технологияны тестілеу бойынша Visa, JPMorgan Chase, Wells Fargo және Synchrony Financial-мен келіссөздер жүргізіп қойды.

Сонымен қатар, бірнеше мәселелерді шешу қажет: картаны бірегей қолжазбамен байланыстыру процесі қалай жүреді және сатып алушыда бірнеше банктік картасы болса, қаражатты есептен шығару үшін қажетті картаны қалай таңдай алады деген мәселелер қарастырылуда.