Әлем жаңалықтары

Сауд Арабиясының армиясында алғаш рет әйелдерден жасақталған бөлім құрылды

Сауд Арабиясы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сауд Арабиясының қарулы күштерінде тұңғыш рет барлығы әйелдерден жасақталған әскери бөлімі құрылды, деп хабарлайды РИА Новости.

Сауд Арабиясының қарулы күштері штабының басшысы, генерал Файяд әл-Рувайли Сауд Арабиясындағы әйелдердің алғашқы әскери бөлімшесін іске қосты.

2019 жылы қазан айында Сауд Арабиясы билігі әйелдерге кіші капрал, капрал, сержант және құрлық әскерлері, әскери әуе күштері, ӘТК, ӘШҚ күштері, медициналық қызмет және стратегиялық мақсаттағы ракета әскерлері ретінде Қарулы Күштер қатарына кіруге рұқсат берген болатын.

Корольдікте корольдің ұлы Мұхаммед бен Сальман мұрагер ханзада болған сәттен бастап, Сауд Арабиясы тез өзгере бастады, бұл ең алдымен әйелдердің қоғамдағы рөліне мол әсерін тигізді. Әйелдерге көлік жүргізуге, спорттық ойындарды көру үшін стадиондарға баруға, армия мен полицияда қызмет етуге рұқсат етілді.