Денсаулық
Қаза тапқандар саны артты
Қытайдың Ухань қаласында бір ай бұрын пайда болған вирустың не екені әлі анықталмады.
Құпия вирусты Тайланд, Жапония мен Непал туристері жұқтырып үлгерген. Азияның көптеген елдері Қытайдан келген азаматтарын бақылауда ұстауда. Оңтүстік-шығыс Азия елдері шекараларын жаба тұруға шешім қабылдаған.
Бүгінгі таңда вирусты жұқтырған 169 адам ем алуда.
- 9 науқас ауыр халде, ал 35 ем алушының жағдайы жақсарар емес, - дейді дәрігерлер.
Ухань қаласында 89 жастағы ер азамат осы вирустан көз жұмды. Ол бұл аурудан қайтыс болған төртінші адам. Әзірге Қытай дәрігерлері бұл аурумен күресудің нақты жолдарын таппай, түрлі әдістерді қолданып көруде.