Weekend

93 ақылды бағдаршам: Алматы көшелерінде қандай өзгеріс болмақ?

Қалада 93 бағдаршам орнатылады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы қаласының әкімдігі жол қозғалысын басқарудың автоматты жүйесін енгізу мен пайдаланудың жаңа ережелерін әзірлеп жатыр. Бұл өзгеріс ҚР «Алматы қаласының ерекше мәртебесі» Заңының аясында жүзеге асырылады.

Аталған ережелердің арқасында қаланың бағдаршам жүйесі модернизацияланады. Биыл қала көшелерінде 93 жаңа бағдаршам орнатылады.

Алматы қаласы қалалық мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Қанат Байғоныров зияткерлік жүйенің алғашқы кезеңінде 93 бағдаршамды орнатуды жоспарлап отырғандарын, қалғаны 2022 жылдың соңына дейін жүзеге асырылатынын айтып өтті.

«Ақылды» бағдаршамның ерекшелігі қандай?

- жолдардағы қозғалысты реттейді;

- жолақтардағы, бағыттардағы көлік санын автоматты түрде санайды;

- көлік жылдамдығын анықтайды;

- көлік ағынын тіркейді;

- жүргізушілер үшін қолайлы уақытты (20 немесе 30 секунд) болжай алады.