Weekend
2019 жылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне 1,5 млн адам келген
Жалпы облыс бойынша 168 қонақ үй, 51 шипажай, 60 демалыс базасы қызмет көрсетеді. Сонымен қатар облыс аумағында экологиялық, тарихи-танымдық туризм бағытында 57 туристік маршрут әзірленген.
Қазіргі таңда Түркістан қаласында туристерге толық ақпарат ұсынатын «Визит орталықтың», «Ұлы Жібек жолының ұлттық дәстүрлі қолөнер орталығының», халықаралық әуежайдың, «Яссауи мұражайының» және т.б. нысандардың құрылысы жүргізіліп жатыр. 2020 жылы Х.А.Яссауи мұражайы, «Ұлы Дала Елі» орталығы, Конгрес холл, Драма театры, әуежай, Атракционды қалалық саябақ іске қосылады.