Саясат
Ресейде Екінші дүниежүзілік соғыс туралы шынайы құжаттардың орталығы ашылмақ
Путиннің айтуына қарағанда, тарихты бұрмалап, қаһармандардың рөлін кемсітуге тырысып жатқандардың аузын жабу мақсатында осы орталық ашылады.
"Бұл орталық тұрғындарымызға, бүкіл әлемге ашық болады. Оларға тарихты басқаша қылып көрсетуге жол бермейміз. Былғанған ауызды құжаттармен мәңгіге жабамыз", - деді Ресей мемлекетінің басшысы.
Ұлы Отан соғысы кезінде Кеңес Одағы жоғалтқан әскердің 70 пайызы РКФСР-ден, яғни бүгінгі Ресейден болған.