Weekend

«1917» – үздік фильм

Марапат иесін тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ продюсерлері гильдиясы үздік фильмді таңдады, деп хабарлайды «Novayagazeta.ru» порталы.

Биыл бұл аталымда режиссер Сэм Мендестің Бірінші дүниежүзілік соғыс жайлы кинотуындысы – «1917» фильмі топ жарды. «PGA» сыйлығы Беверли-Хиллз қаласында өткен марапаттау салтанатында табысталды. Ал «Үздік шағын сериал» аталымында «Чернобыль» сериалы жеңіске жетсе, «Ойыншықтар оқиғасы 4» мультфильмі үздік анимациялық фильм болып есептелді.

Аталмыш сыйлық 1990 жылдан бастап беріліп келеді. Ол «Оскар» сыйлығы жеңімпазын таңдауға септігін тигізуде. Мәселен, былтыр продюсерлер бұл наградаға режиссер Питер Фаррелидің «Жасыл кітап» фильмі лайық деп таныған болатын. Ал 2018 жылы режиссер Гильермо дель Тороның «Су пішіні», 2017 жылы Дэмьен Шазеллдың «Ла-Ла Ленд» фильмдері топ жарды. Кейін бұлардың бәрі де «Оскар»-ды алды.