Саясат
Моңғолия жаңаша дамымақ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comМоңғолия "2050 стратегиясына" жасақтады. Оны ел үкіметі министрлермен, қоғам қайраткерлері және саясаттанушылармен бірлесе отырып жасаған.
Бағдарламаны олар "Қазақстан-2050" мен "Ирландия-2040" жобасына қарап жасапты-мыс. Бағдарлама 9 бағыттан тұрады:
1. Ұлттың негізгі құндылықтары - ұлт ретінде терең құндылықтарды терең ұғынып, сезіне білу.
2. Адами капитал - Әлемдік бақыт индексі бойынша Моңғолия халқының үздік он ел қатарына қосу мен адами даму индексін көтеру.
3. Өмір сапасы мен орта тап - халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, 2050 жылға дейін орта тап өкілдерін арттыру.
4. Экономика - дамыған елдердің қатарына қосылу, адам санына шаққанда табысты 15 мың АҚШ доллары ету.
5. Тиімді басқару - жемқорлыққа қарсы, адам құқықтары мен бостандығын сақтайтын басқару жүйесін жетілдіру.
6. Жасыл өсім - экологияны жақсарту мен халықты табиғатты аялауға үйрету.
7. Аймақтық даму - елдің түрлі аймақтарын дамыту, олардың өсу қарқынын арттыру.
8. Бейбіт қауіпсіз қоғам - ішкі және сыртқы ортада халыққа қауіпсіз қоғам құра білу.
9. Ұлан-батыр қаласы мен серіктес қалалар - жаңа серіктес қалаларды салу және дамыту, Ұлан-батырды көркейту.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61