Спорт

«Астана» «Миланның» алдын орап кетті

Футбол клубтары рейтингісі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Футбол тарихы және статистикасы халықаралық федерациясы (IFFHS) өзінің ресми сайтында өткен жылда үздік ойын көрсеткен клубтардың рейтингісін жариялады.

Көш басында 316 ұпай жинаған «Ливерпуль» футбол клубы тұр. Бұдан кейін «Барселона» (293) мен «Манчестер сити» (284) орналасқан. Сондай-ақ, үздік ондықтың қатарынан «Фламенго», «Селтик», «Валенсия», «Аякс», «Челси», «ПСЖ» және «Вулверхэмптон» футбол клубтары көріне білді.

Бұл рейтингте қазақстандық «Астана» 129,5 ұпай жинап, 104-орынға жайғасқан. Тіпті, ол «Вильяреал», «Боруссия», «Байер», «Милан», «Галатасарай» сияқты футбол клубтарын шаң қаптырды.