"Нұр Отан" партиясының мүшесі әрі белді қызметкері Ауыт Мұқибек мырза өзінің жеке парақшасында сүйінші ақпаратпен бөлісті.
Шетелден көшіп келген, оның ішінде, Қытай мен Маңғолидан қоныс аударған қандастарымыздың Зейнетақысы мәселесі шешілді.
Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұл мәселені шешуді 2017 жылы Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайында Үкіметке тапсырған болатын.
Одан бергі жерде "Нұр Отан" партиясы аталған теманы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованың алдына бірнеше мәрте қойған.
Міне, сол мәселе Заң аясында өз шешімін тапты. Нақтылап айтқанда, Қазақстан Республикасына тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында келген этностық қазақтардың бұрынғы еліндегі еңбек қызметі еспке алынатын болды.
Елбасымызға рахмет!.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңы
13-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн еңбек өтілін есептеу
1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн еңбек өтілін есептеу кезiнде мыналар есепке алынады:
1) еңбек шарттары бойынша жеке және заңды тұлғалар ақы төлейтiн жұмыс;
2) әскери қызмет;
3) арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет;
4) мемлекеттiк қызмет;
...
18) Қазақстан Республикасына тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында келген этностық қазақтардың шығу еліндегі еңбек қызметі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ.