Саясат

Тоқаев таңдап алған «300 ақордалық» қандай қызметке тағайындалып жатыр?

Коммунистің жолын қумаса игі ендігі жас

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жуырда ғана президент Тоқаевтың бастамасымен жарты жылға жуық «мемлекеттік аппаратты жетілдіру және басшылардың жаңа буынына жол ашу» мақсатында 13 мың үміткердің арасынан іріктеліп алынған 300 ақордалықтың тұсаукесері өткен болатын.

Мемлекеттік қызметте кемі 5 жыл еңбек еткен, жүйенің заңдылығын қабылдай білген 35 жасқа дейінгі азаматтардан  жасақталған президенттік кадрлық резервке мемлекет басшысы үндеу жолдап, ескерту жасаған. Абайға иек артуға кеңес берді. Тоқаев өз сөзінде резервке өткен 55 азамат жаңа қызметке тағайындалғанынын, сондай-ақ биыл жүз шақтысы «орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларға жауапты қызметке» жіберілетінін мәлімдеген. Ақпарат құралдары жариялаған мәліметтерге жүгінсек, «Тоқаев мақтаған әм үміт артқан 300 жасқа» сұраныс зор. «Азаттық рухының» мәліметінше, үш жүз ақордалықтың бірқатары жоғары орынға жайғасып үлгерген. Мәселен:

·         «Болашақ» қауымдастығының атқарушы директоры Лаура Демесінова астана әкімдігінде бір жоба бойынша қосымша жұмыс атқармақ;

·         Жақында жемқорлық күдігімен қызметінен босатылған Алматы қаласының Алатау ауданының әкімінің орнына Азамат Қалдыбеков тағайындалды;

·         Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімі болып Бақытжан Ақжаров келді.

·         Ағзан Ширанов экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қарамағындағы әкімшілік жұмыс департаментінің департаментінің директоры болды.

·         Дәурен Қазантаев астананың экология департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.

·         Зүлфия Сүлейменова климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті директорының орынбасары лауазымына орналасты.

·         Әсел Бірназарова – ұлттық экономика министрлігінің әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту департаментінің директоры;

·         Тимур Жазитов – ұлттық экономика министрлігінің әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту департаменті директорының орынбасары;

·         Марат Оразбай – ұлттық экономика министрлігінің ішкі аудит департаменті директорының орынбасары;

·         Сәкен Түкібаев – ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттік активтертерді басқару саясаты департаменті директорының орынбасары;

·         Айжан Арынова – ұлттық экономика министрлігінің макроэкономикалық сараптау және болжау департаменті директорының орынбасары;

·         Тілеубек Белгібердин – ұлттық экономика министрлігінің ішкі әкімшілендіру департаменті директорының орынбасары;

·         Дамир Тоқжанов – бәсекені дамыту мен қорғау комитеті Қостанай облысы бойынша департаменті жетекшісінің орынбасары;

·         Ардақ Жұмағалиев – «Қазақстанның мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ корпоративтік хатшысы;

·         Шынасыл Ерназар  – «Қазақстанның мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ бірінші вице-президенті;

·         Нұрбол Жаңабеков – «Қазақстанның мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ фронт-офисінің вице-президенті;

·         Әркен Өтенов – сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы лауазымына тағайындалды.

·         Арман Ақсубаев – сауда және интеграция министрлігіне қарайтын тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қарағанды облыстық департаментінің басшысы болды.

·         Айбек Сағынаев – «Qaztrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ жобалар басқармасының басшысы лауазымына орналасты

·         Ардақ Өтепов – Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары қызметіне кіріскен.

·         Нұрсұлтан Смаилов – «Казинжиниринг» АҚ-нің департамент директорының орынбасары лауазымына қабылданды.

Нұрбек Серіковті – индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қарамағындағы «Қазақстандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын дамыту мен модернизациялау орталығы» АҚ-ның басқарма төрағасы ретінде тағайындалған.

·         Әлі ондаған кандидаттың өтінімі қарастырылып жатыр.