Weekend
«Ақылды» қалалар анықталды
Зерттеуге 14 облыс орталығы мен 3 қала қатысты. Бағалау 11 түрлі бағыт пен 80 көрсеткіш бойынша жүргізілді. Олар:
- денсаулық сақтау;
- білім беру;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы;
- көлік;
- экология;
- әлеуметтік және т.б. салалар.
Бұл рейтинг өңірлерді «цифрлық» белсенділікті арттыруға ынталандыру үшін қажет.
Рейтингті құру кезінде қандай әрекеттер назарға алынады?
- әкімдіктердің мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруы;
- тұрғын үйлерге «ақылды» есептеуіш құралдарының орнатылуы;
- тіркелген стартаптардың саны;
- зияткерлік көлік жүйесінің енгізілуі;
- қоғамдық көліктің бағыт-бағдарын мониторингтеу және т.б. арналған қосымшалардың қолжетімділігі.
Аталмыш рейтингте бірінші орында - Нұр-Сұлтан қаласы, екінші орында – Алматы. Ал үштікті Орал қаласы аяқтайды.