Weekend

Toyota қазақтың көлігі: жапон компаниясы әлемнен миллиондаған көлігін кері қайтармақ

Жапондық Toyota Motor Corp корпорациясы бүкіл әлем бойынша 3,4 млн автокөлігін қайтарып алмақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл шара жол көлік оқиғасы кезінде қауіпсіздік жастығын ашуға әсер етуі мүмкін электрондық іркілістен туындаған. Бұл туралы Reuters жазды.

АҚШ-та мұндай 2,9 млн автомобиль пайдаланылуда. Олар - Corolla (2011-2019 жылы шыққан), Matrix (2011-2013), Avalon (2012-2018) және Avalon Hybrid (2013-2018) модельдері.

Ақауы бар көлік құралдарындағы электрондық басқару блогының жол көлік оқиғасы кезінде болуы мүмкін және қауіпсіздік жастығының толық жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін электр кедергілерінен тиісті қорғанышы жоқ. Бұл сондай-ақ қауіпсіздік белдігінің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіруі мүмкін. Toyota автосервисіндегі мамандар бұл кемшіліктерді тегін жоюға дайын.

Бұған дейін шведтік Volvo компаниясы да қозғалтқышында ақауы бар жарты миллион автокөлікті қайтарып алған болатын.