Саясат
Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей Қазақстаннан мұнай тасымалдауға рұқсат бермей отырғанын мәлімдеді
Бұл туралы «Взгляд» басылымы жазды.
- Егер Ресей келісім берсе, Қазақстан бізге мұнай жеткізетін еді. Серіктесіміздің ортақ серіктесімізден мұнай алуымызға рұқсат бермеуі қызық жағдай. Біз бұл мәселені шешуіміз керек, - деді Владимир Лукашенко.
Беларусь басшысы әзірге Ресей мұнайын толық алмастыратын басқа балама бағыттар жоқ екенін ашық айтты.
- Дегенмен, келісілгендей, біз әртараптандыруға мүдделіміз. Ресей Федерациясынан 30-40% ғана шикізат алатындай болуымыз керек. Қалған 30%-ы Балтық елдерінен және тағы 30%-ды Украинадан келеді. Ол үйреншікті бағыт, -деді ол.