Weekend
Бүгін Ермек Тұрсыновтың картинасы шықты
Одан бөлек «Тентек жігіттердің» жалғасы, неміс мелодрамасы, француз шахматшысы туралы байопик, Кристен Стюарт ойнаған хоррор бар.
«Шырақшы» («Хранитель») [12+]: Ермек Тұрсыновтың жетінші режиссерлік жұмысы.
Фильм Екінші Дүниежүзілік соғысы кезінде неміс қариядан киноаппарат сыйға алған солдат туралы. Соғыстан соң елге оралған ол қартайған шағына дейін ел аралап, киноаппаратпен ескі фильмдерді көрсетумен айналысады. Ол киноның көмегімен әлемді жақсартуға болады деп сенеді.
«Тентек жігіттер мәңгілік» («Плохие парни навсегда» / «Bad Boys for Life») [18+]: Уилл Смит пен Мартин Лоуренс ойнаған әйгілі экшн-комедияның үшінші бөлімі. Біріншісі 1995 жылы, екінші сериясы 2003 жылы шыққан еді.
Фильм әріптес екі полицейдің оқиғасын әрі өрбітеді. Бернетт қызметінен кетіп, жекеменшік тергеуші болып кетеді. Лоури орта жас дағдарысына ұшырап, үйленуді ойлап жүреді. Бұрынғы әріптестердің соңына албан жендеті түскеннен кейін, екеуі тағы да күш біріктіреді.
«Көкжиекке сондай жақын» («Так близко к горизонту» / «Dem Horizont so nah») [16+]: Германияда түсірілген мелодрама.
Сюжеті: Бұл кездесу олардың ересек өмірінің нағыз таңында - сезім кез келген кедергі мен соқыр сенімнен күштірек болатын шақта басталды. Жас та ғашық кейіпкерлер бір-бірінен бір секундтқа да алыстағысы келмейді. Алайда бір көргеннен ғашық болудың өз құны мен салдары бар. Сол кезде махаббат мәңгілік емес екенін білдіретін себеп те ашылады.
«Фахим» («Шахматист» / «Fahim») [6+]: негізгі рөлдердің бірін Жерар Депардье ойнаған байопик. Картина жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Фахим Мохаммадтің өмірін баяндайды.
Жас шахмат кемеңгері Фахим әкесімен бірге туған Бангладешін тастап, Парижден пана табады. Бұл жерде бала Францияның үздік гроссмейстерлерінің бірі Сильвианмен танысады. Олардың таныстығы достыққа ұласады, екеуінің өмірінде үлкен өзгеріске әкеледі.
«Су астында» («Под водой» / «Underwater») [18+]: америкалық үрейлі фильм. Басты рөлдерде - Кристен Стюарт, Джессика Хенвик, ТиДжей Миллер, Венсан Кассель.
Су астында орналасқан зерттеу станциясы жер сілкінісінен кейін қирап қалады. Ішінде жұмыс істеген мамандардың арасынан аман қалғандары мұхит түбіндегі беймәлім құбыжықпен бетпе-бет келеді.
«Маған қанат бер» («Расправь крылья» / «Donne moi des ailes») [6+]: қызық оқиғаға толы отбасылық фильм.
Сюжет Кристиан есімді орнитолог пен оның жасөспірім ұлы төңірегінде өрбиді. Әке - бүкіл өмірін жабайы қаздарға арнаған зерттеуші. Видеоойынға құмар ұл үшін каникулды ауылда әкесімен бірге өткізу – азаппен тең. Бірақ құстарды құтқару үшін екеуі бірігіп, дельтапланмен Норвегияға аттану керек.
Сонымен қатар бүгін прокатқа шыққан басқа да премьералар:
- «Тілек марафоны» («Марафон желаний»): мелодрама, комедия (Ресей);
- «Шон есімді қой. Фильм: Фермагеддон» («Барашек Шон: Фермагеддон» / «A Shaun the Sheep Movie: Farmageddon»): мультфильм, фантастика, фэнтези, комедия, қызық оқиғалы, отбасылық (Ұлыбритания, Франция, АҚШ);
- «Табалуга» («Ледяная принцесса» / «Tabaluga»): мультфильм, мюзикл, драма, комедия, қызық оқиғалы, отбасылық (Германия, Канада).