Саясат
«Биліктің бірден-бір бастауы» кім?
Британдық Economist Intelligence Unit ұйымы түзген демократия рейтингін жариялады.
Рейтингті құру кезінде электоралды процесс пен плюрализм, үкімет жұмысы, саяси өмір, саяси мәдениет және азаматтық еркіндік сияқты көрсеткіштер есепке алынған.
Рейтингтің алғашқы ондығына Норвегия, Исландия, Швеция, Жаңа Зеландия, Финляндия, Ирландия, Дания, Канада, Австралия және Швейцария кірді. Қырғызстан 101-ші, Ресей 134-ші, Қытай 153-ші, Өзбекстан 157-орында. Демократия рейтингінде Қазақстан 139-орында тұр.