Саясат

Қытайдағы сұмдық: ата-анасы лагерьге қамалған 5 жастағы бала өзенге құлап, мұз болып қатып қалған

Оқиға Шығыс Түркістанда болған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытайдағы Шығыс Түркістанда 5 жасар ұйғыр бала өзендегі суға құлап, көз жұмған. 

Оның мұз боп қатқан денесін ауыл тұрғындары алып шыққан. Несрулла Жүсіптохтының ата-анасын Қытай билігі жазықсыз болса да, саяси тәрбиелеу лагері мен түрмеге жапқан. Баланың анасы Патем Рози 26 жасында намаз оқығаны үшін 2017 жылы 10 жылға сотталған, ал әкесі Жүсіп болса әйелінің діни көзқарасы үшін концлагерьге жабылған. "Оның не тірі, не өлі екені жайлы нақты ақпарат жоқ" дейді ауыл тұрғындары.

Бес жасар Несрулла кәрі атасы мен апасының қолында болған. Олардың далаға шығуға денсаулығы келмегендіктен, баланың жанында еріп жүре алмаған. Ауыл балаларымен бірге ойнаған Несрулла, өзен суына құлап, көз жұмған. Оқиғаны хабар еткен Radio Free Asia демократиялық тәуелсіз басылымының хабарлауынша, соңғы төрт жылда әке шешесі жазықсыз қамалған балалардың оқыс оқиғадан қайтыс болуы артқан.