Weekend
Әлемнің жеті кереметі
Ұлы даланың қырына нені жатқызуға болады? Неліктен жеті қыр?
Қазақтарда жеті деген киелі сандардың бірі болып саналады. Сол себептен болар әрбір кереметтілікті жетіге толтырып, сол санмен атап айтып жатады. Соның бірі "Әлемнің жеті кереметі" - алпауыт ғаламның жеті ерекшелігі, өзіндік тарихы бар тылсым да тамыры терең жеті қыры.
Ең біріншісі Мысыр пирамидасы - табиғаттың бар әдемілігін бір басына жинап тұрғандай бұл пирамида ежелгі Мысыр перғауындарының өзіндік үлгідегі мазарлары. Пирамида б.з.б XXVlll ғасырда салынған, қаншама жыл өтсе де өз кереметтілігі мен көзайымын жоғалтпай, туристердің әр жыл сайын басын біріктіруде.
Әлемнің жеті кереметінің екіншісі "Бабалардың аспалы бағы" - бұл б.з.б VI ғасыр Вавилония әмірі кіші әйеліне арнап жасаған бақ. Үшінші керемет - ежелде ғибадатхана болған Эфестегі Артемида ғимараты. Кереметтің төртінші ретінде орналасқан - Олимпиадағы Зевстің мүсіні. Бұл мүсін б.з.б V ғасырда пайда болған екен. Бесінші керемет бұл - б.з.б IV ғасырда пайда болған Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы. Ұлы даланың алтыншы қыры - Жерорта теңізіндегі Родос алабы болса, жеті кереметтің жетінші кереметі - Александрия шамшырағы.
Иә, әрбір кереметтің өз тарихы, мән-мағынасы мен ерекшелігі бар. Әлемнің табиғат дейтін тылсым жаратылысын өз әсемділіктерімен тербеп тұрған бұл жерлер әр уақытта көз тартып тұра бермек.
Ғаламның қазыналарында жатқан әлі талай ашылмаған құпия керемттіліктер бар. Ал оларды әлемге паш еткізетін сіз бен біз!