Weekend
Жасөспірімнің тұнығы лайланған 45 минут
Бүгін, қаңтардың 24-і Таразда облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты атышулы зорлық оқиғасына үкім шығарды.
Былтыр 15 қарашада Тараздағы №6 мектептің ауласындағы дәретханада жасөспірім оқушыны зорлаған 38 жастағы азамат ең ауыр жаза, 25 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сондай-ақ айыпталушыға химиялық кастрация жасалады.
Іс қылмыстық кодекстің «зорлау»(120-бап) және «жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық» (121-бап 4-тармағы) айыбымен жүргізіліп сотқа жолданған. Жәбірленушінің кәмелетке толмағаны себепті сот процесі жабық өткен. Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті кінәсін толық мойындаған. Күдікті 19 жыл бұрын зорлық-зомбылық жасағаны үшін төрт жыл түрмеде отырып шығыпты.