Саясат
Израильде арнайы жиынға қатысты
Украина президенті В.Зеленский Израильде Екінші дүниежүзілік соғыста құрбан болған еврейлерді еске алу шарасына қатысты.
Шара барысында Зеленский Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кездесу өткізді. Кездесу кезінде Зеленский соғыс пен адамгершілік жайында сөз қозғады.
- Менің соғыс пен еврей қырғыны, яғни Холокостқа қатысты үш оқиғам бар. Соны осы жерде айтып, сіздердің жадыларыңызда сақталуын қалар едім, - деді Зеленский.
Бірінші оқиға Саида Арифова жайлы. Ол мұсылман әйелі болатын. Қырым татарлары тұратын балабақшада 88 еврей баласын татар деп көрсетіп, аман алып қалған еді.
Екінші оқиға – Емельян Ковча жайлы. Ол грек-католик шіркеуінің қызметкері еді. Ол 600 еврейді құтқарып қалды.
- Үшіншісі, атасы соғыста ерлік көрсетіп, нацизмге қарсы күрескен, халқы қиналып, қырғынға ұшыраған, ал уақыт өте келе жаңағы майдангердің немересі президент болған әулеттің оқиғасы жайлы. Сол әулеттен мен шықтым, - деді Украина басшысы.
Бұл оқиғаларды Израиль басшысы "ерлік пен адамгершіліктің шыңы" деп бағалады.