Саясат
Қытайда жоғары оқу орындарын бітірген қыздарды әскери қызметке тарту басталды
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comЖоғары оқу орындарын бітірген қыздарды әскери қызметке тартудың 2020 жылға арналған жобасы басталды.
Биылғы жылдан бастап Қытайда әскерге шақыру екі рет өткізіледі. Биыл бірінші шақыру 15 ақпанда аяқталады. Ол негізінен ЖОО түлектері мен студенттеріне бағытталған.
Екінші жиын жоғары деңгейлі орта мектеп бітірушілері, ЖОО түлектері мен студенттерінің арасында өткізіледі, ол 26 маусым мен 15 тамыз аралығында өтеді. Жаңа әскер қатарына 1 наурыз және 1 қыркүйек айларында сәйкесінше кіреді.
Жиын тіркеу, медициналық тексеру және моральдық-саяси бағалау рәсімін қамтиды. Жиын барысында әскери қызметшілер мен қаза тапқан батырлардың отбасы мүшелеріне артықшылық беріледі.