Weekend
Дүкенде тауарды сындырып алсаңыз, ол үшін ақы төлеуге асықпаңыз
Дүкен кінәлі болады, егер:
- сөредегі тауар ретсіз (ыңғайсыз) орналасса;
- сөремен ара қашықтық 1,4 метрден кем болса (100 шаршы метрге дейінгі алаң үшін), 2,5 метрден кем болса (400 шаршы метрге дейінгі алаң үшін).
- еден сырғанақ болып, тауарды сындырып алсаңыз.
- адамдар өтетін жолдар тауардың қораптарымен жабылып тұрған жағдайда оқыс оқиға орын алса;
- тауар кассада құлап кетіп, сынып қалса.
Егер сынған тауардың ақысын төле деп талап етсе, не істеу керек?
Есіңізде сақтаңыз: Егер сіздің кінәңіз сотта дәлелденген болса ғана бүлінген тауардың ақысын төлеуге міндетті боласыз.
Администратордан шағым кітапшасын сұрап, мән-жайдың анығын толықтай сонда жазыңыз. Сонымен қатар кітапшаға оқиғаның болған дәл уақытын жазып қалдырыңыз. Бұл камерадан жазбаны тез табуға көмектеседі. Кітапшаға әрбір детальға дейін жазыңыз: сырғанақ еден, тауарлардың дұрыс орнықпауы және т.б.
Күзетші өткізбей жатса не істеу керек?
Егер сіз телефон нөміріңізді және өзіңіз туралы басқа да ақпараттарды әкімшілікке қалдырып, сонымен қатар тауар үшін ақша төлейтініңізді айтсаңыз да күзетші сізді өткізбей жатса, ол заң бойынша жауапқа тартылады. Себебі ол дәл осы жағдай барысында өз қызметін артық пайдаланып жатыр.
Бұндай жағдайда күзетшіге өзінің қызметін артық пайдаланып жатқанын ескерту керек.
Сіздің не үшін шағымдануыңызға болады?
- тауардың орнықсыздығы мен сырғанақ еден үшін;
- өтуге арналған жердің тар болғандығы және сөрелердің араларындағы қораптар мен басқа да заттардың орналасқандығы үшін;
- күзетшінің әрекеті үшін.
Сіз өз құқығыңызды біліп, ол туралы дүкеннің әкімшілігіне айтуыңыз керек.