Саясат

Скотч жабыстырылған және май аққан. Bek Air ұшақтарының суреттері пайда болды

Bek Air компаниясы ұшақтарының кемшіліктері анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Bek Air компаниясының әуе кемелерін тексеру барысында инспекторлар түсірген суреттерді ұсынды. Тексеріс қорытындысы бойынша, ұшақтардың қозғалтқышынан май аққаны, әйнектердің қатпарлануы, конструкцияны қорғау үшін скотч қолданылғаны және шиналардың тозғаны анықталды. 

Әуе кемелерін тексергеннен кейінгі британиялық инспекторлардың шығарған қорытындылары мен суреттерін Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің ұшу қауіпсіздігі департаментінің басшысы Линда Орледи брифингте таныстырды.

"Ұшақтың алдыңғы жағы зақымданған. Мәселе оның артында радардың тұрғанында. Әуе кемесінің бортында орнатылған радардың дұрыс жұмыс істеуі үшін жағдайдың жасалуы өте маңызды", - деп түсіндірді ол.

"Екі қозғалтқышта да идентификациялық тақтайшалар жоқ. Бұл - өте маңызды ескерту. Олар міндетті түрде болуы керек. Bek Air ұшақтарының 50 пайызында екі қозғалтқышта да идентификациялық тақтайшалар жоқ. Бұл - өте қауіпті белгі", - деді Орледи.

 

"Мұнда майдың аққаны көрінеді. Мен, ұшқыш ретінде, өз әуе кемемде мұндайды көргім келмейді. Сондай-ақ, техникалық қызмет көрсету жөніндегі инженер ондайды байқаса, кейін қай күні, қанша сұйықтық жоғалғанын қадағалау маңызды. Біз майдың аққаны тіркелген бірде-бір тізімді таба алмадық. Инспекторлар әрбір Bek Air ұшағының астынан осындай кемшіліктер тапты", - деді Орледи.

 

Сондай-ақ, фюзеляжда да майдың іздері бар.

 

"Барлық ұшаққа металл скотч жабыстырылған. Әуе кемесінде скотч қолдануға болады, бірақ бұл арнайы скотч болуы тиіс және оны пайдалану дерегі жазбаша бекітілуі тиіс. Ол бойынша ешқандай құжат табылған жоқ", - деп атап өтті Орледи.

 

"Ұшқыштар кабинасы көп қабатты әйнекпен қорғалуы тиіс. Мұнда пилоттар кабинасының сол терезенің әйнегі қатпарланып кеткенін көресіз", - деді Орледи.

 

Оның айтуынша, Bek Air ұшақтарының жүк салатын жеріндегі панельдерде өртке қарсы таспалары жоқ немесе нашар жағдайда.

 

Сондай-ақ, шиналар тозған.

 

Оның айтуынша, авиакомпанияның барлық борттарында жүк бөлігінің еден панельдері тесік болған.

tengrinews.kz