Weekend
Шикізат өндірісі
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Қазақстан жолы-2050: бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ" деген Қазақстан жұртшылығына жолдауында қаралған маңызды мәселелердің бірі - геология.
Еліміздегі шикізат өндірісіне аса ерекше назар аударылған. Елдегі жер қойнауында дұрыс барланбаған жерлер бар ма? Бұл мәселе қашан, қалай қолға алынбақ?
Елбасымыздың жолдауында орын алып, айтылған тапсырмаларды іске асыру үшін геология саласында бірнеше мақсаттар алға қойылуда. Қазіргі таңда Қазақстан нарығында Рио Тинто, КОРЕС корей ұлттық компаниясы, аустралия компаниясы Илука сынды бірнеше компанияларда белсенді жұмыстар атқарылуда. Еліміз маңызды минералдық шикізат өнім түрлеріне бай. Жер қойнауынан Менделеев кестесіндегі 105 элементтің, оның 70-інің мол қоры барланған және 60-тан астамы өндіріледі: 6000 ға жуық пайдалы кен орындары ашылған.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылы 21 мамырдағы №526 қаулысымен "Қазақстан Республикасындағы геологиялық барлау жұмыстарының 2015-2019 жылы арналған бағдарламасы" бекітілді. Бұл бағдарлама мақсаты - аймақтық, геологиялық түсіну, іздеу-бағалау және барлау жұмыстарын жүргізу.
Шикізатты өңдеу, тереңдету, зерттеу мен тарату арқылы біз ел экономикасын да, қаржы жұмыстарын да жақсарта аламыз. Сол себепті, алға қойған бірқатар мақсаттарды іске асыру жолында тынбай еңбек етіп, барлығымыз дерлік ат салысуға тиіспіз!