Саясат
BBC хабарлайды
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚытай жаңа коронавирус ауруына шалдыққандар анықталған бірнеше қалаларға кіріп-шығуды жауып тастады.
Би-би-сидің орыс қызметі коронавирус алғаш рет табылған Уханьның орыс тілді тұрғындарымен әңгімелесіп, олардың карантинде қалай тұрып жатқанын білуге тырысты. Солардың бірі - Аружан Бегманова.
Қытайдағы қазақстандық студенттердің ұйымы Уханьда 87-ге жуық адам бар деп есептеген. Қазақстаннан келген студенттің бірі Аружан Бегманова өзінің "Инстаграм" парақшасында Қазақстан үкіметіне студенттерді үйге алып кетуін өтінді:
- Барлық маркеттер мен дүңгіршектер жабық, мен үйіме барғым келеді, мені үйімде отбасым күтіп отыр, мен сияқты жүзге жуық адам бар. Үкімет үшін аз ба? Біз Қазақстанға барғымыз келеді, - дейді Аружан.
Қазақстанға оралуы арқылы қауіп төндіресіңдер деп пікір жазғандарға:
- Бізге ауру жұққан емес, егер сенбесе, тексерсін, - деп жауап берді Аружан.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61