Денсаулық

Қытайлық коронавирусты жұқтырғандар саны мыңнан асты

Күн сайын артып келеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сенбі күні түнде Қытай Жаңа жылды қарсы алды, алайда көптеген мерекелік іс-шаралар 2019-nCoV коронавирусының таралуының салдарынан тоқтатылды. Соңғы деректер бойынша жұқтырғандардың жалпы саны мыңнан асады. Қаза болғандардың саны 41-ге жетті, деп хабарлайды BBC.

Соңғы мәліметтер бойынша, коронавирустың жаңа түрімен ауырғандар саны бүкіл әлемде 1287 адамға дейін жетіп, 41 адам қаза тапқан.

Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитет коронавирус салдарынан Хубэй провинциясында тағы 15 адамның қайтыс болғанын хабарлады. Бұған дейін Қытайдың Денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеті қайтыс болғандардың ең жасы 48 жаста, ал ең үлкені - 89 жаста деп хабарлаған болатын.