Саясат

Ливан министрі қарулы күзеттен бас тартты

Өз қауіпсіздігіне сенімді министр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ливанның туризм министрі Рамзи Машрифия қарулы күзеті бар кортежден бас тартып, үкіметтің бірінші жұмыс отырысына таксимен келді. Бұл туралы ливанның MTV телеарнасы хабарлайды.

Жұма, 24 қаңтар, үкімет ғимаратына кіре берісте күзет, таксиды тоқтатады. Таксист салонның ішінде министр бар екенін түсіндірді. Күзетшілер жүргізушінің сөзін қалжың деп қабылдаса да, жолаушының құжаттарын тексереді. Құжаттарды қараса, көліктің артқы орындығында Рамзи Машрифия отырыпты.

- Бұл жағдай республикадағы теңдесі жоқ оқиға болды, - деп атап өтті Ливан журналистері. - Әдетте министрлер кортежде, күзетпен қозғалады.

Телеарна мәліметтері бойынша, Үкімет ғимаратынан туризм министрлігіне Машрифия үкімет спикерінің автокөлігімен кеткен. Бұл ретте де министр күзеттен бас тартқан екен.