Денсаулық

Дәрі-дәрмектің бәрі дәрі ме?

Парацетамолдың біз білмейтін "қасиеті" қандай?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фармацевтиканың әлемдік бизнесте алатын орны орасан екені әу бастан белгілі. Алайда дәрінің адам ағзасына, жүйке жүйесіне тигізетін кері әсері енді ғана айтылып келеді.

Соңғы зерттеулер көрсеткендей парацетамолдан бастап антидепрессанттарға дейін адамның жүйке жүйесіне әсер етіп, көңілді құбылмалы ете алады. Бүгінде әлемде дәрі-дәрмектің сатылымы шарықтап тұр. Бұл бизнестің дәурені жүріп, маңдайын күн сүйіп тұрғанында шағым айтып бара қалсаң дәрі-дәрмекті үсті-үстіне жазып беретін дәрігерлердің де үлесі жоқ емес. Тіпті, алпауыт ел АҚШ-та жыл сайын 49 мың тонна парацетамол сатылып (бір адамға шамамен 298 таблеткадан), ал әр адам бір жыл ішінде 1200 долларға дәрі сатып алатын көрінеді.

Адамдар қартайған сайын олар қабылдайтын дәрі-дәрмектердің саны артып отыр.  Мәселен, Ұлыбританияда 65-тен асқан әрбір оныншы қарт бір апта ішінде сегіз түрлі дәрі-дәрмек ішеді.

- Біз дәрінің адам физиологиясына әсерін жете білгенімізбен, мінез-құлқына әсерін ескере бермейміз, - дейді Огайо университетінің зерттеушісі Доминик Мишковский. 

Мәселен, ғалымдар парацетамолдың мидың кей бөлігіндегі белсенділікті төмендетіп, осылайша физикалық ауруды басатынын анықтаған. Бірақ ауруды басу үшін аталған дәрі мидың ең маңызды – эмоционалды бөлігін блоктап тастайды.

Бұл бөлік тұлға аралық қатынаста ауадай қажет, сондай-ақ өзге де сезімдерді өткеруге әсер етеді. Ең қызығы, парацетамол осы бөліктегі белсенділікті төмендету арқылы адамдағы психологиялық ауырсынуды жеңілдетуі мүмкін.

Доминик Мишковский парацетамолдың адам психологиясына өзгеше әсер ететінін анықтады. Огайо университетіндегі әріптестерімен бірге ерікті студенттерді жинап, оларды екі топқа бөледі. Бір топқа парацетамолдың стандартты дозасын (1000 мг), ал екінші топқа плацебо берген. Содан кейін олар студенттерге өзге адамдардың өмірі жайлы адамға шабыт сыйлайтын сюжеттерді оқуды ұсынған.  Нәтиже – таңқаларлық. Парацетамолдың адамның өзгелердің қуанышына қуану, қайғысына ортақтасу сезімін төмендететіні анықталды. Енді бұл дәрінің әлемдегі миллиондаған адамның күнделікті қарым-қатынасына әсерін бағамдай беріңіз. Әлемді ұстап тұрған күш – әуелі Құдайдың құдіреті болса, содан соң – мейірім. Ал адамның ондай сезімді өткере алмауы – қауіпті құбылыс.