Денсаулық

Британдық ғалымдардың революциясы: белсіздіктен айығуға бір қадам

Ғалымдар не дейді?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Британдық ғалымдар қызанақта болатын ликопин атты дәруменнің ер адамның спермасына оң әсері барын анықтаған. Шеффилд университетінде жүргізілген тәжірибе барысында дені сау ер адамдар 12 апта бойы концентрацияланған томат пастасын екі ас қасықтан қабылдаған.

Тәжірибе мерзімі аяқталғаннан кейін ғалымдар томат пастасын қабылдаған ер адамдарда эякуляттың сапасы жақсарғанын байқайды.

- Бұл зерттеу кең ауқымды болған жоқ. Оны міндетті түрде қайта толықтырып өткізу керек. Алайда бұл тәжірибе де нәтижелі болды, - дейді Шеффилд университетінің нутрициологы, осы зерттеуді басқарған доктор Лиз Уильямс.

Дәрігерлер белсіздік себептерін жіті зерттеуге шақырып отыр. Ақ халаттылар ерлі-зайыптыларда бала болмауының 50%-ы ер адамға байланысты дейді.

Қазір британдық ұлттық денсаулық сақтау қызметінің белсіз ерлерге беретін кеңесі салауатты өмір салтын сақтау мен таза, қыспайтын іш киім киюмен шектеліп отыр.

Алайда соңғы уақытта белсіздікпен күресте белгілі бір қоректік заттардың да себі бар деген теория жан-жақты талқыланып жүр.

Сондай-ақ қызанақ құрамында болатын ликопин жүрек ауруларының және обырдың кейбір түрлерінің даму қаупін азайтуға көмектеседі.