Hi-Tech

2050 жылы Марста 1 миллион адам тұрады

Илон Масктың жаңа жобасы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Илон Маск 2050 жылға қарай Марсқа 1 миллион адамды жіберіп, оларды баспанамен және жұмыспен қамтамасыз ететіндігін хабарлады.

Business Insider хабарлауынша, адамдар мен тауарларды жіберу үшін Space X негізін қалаушысы мың Starship планетааралық ғарыш кемесін жасауды жоспарлап отырған көрінеді. Адамдарды 26 айда бір рет, яғни, жер мен марс орбиталары жақындағанда жібереді.

Болжам бойынша әр 118 метрлік кеме бір уақытта 100 адамға дейін және 100 тоннаға дейін жүк тасымалдай алатын болады.

Маск Starship құны 2 долларға түскенде, билет құны адамдарға қолжетімді болатындығын да айтып өтті. Содан бастап Техас 100 кемесі 30 күндік «терезеде» 100 кеме жіберуді іске қоспақ.

Оның пікірінше, мұндай қарқынмен колония тұрғындары 10 жылдан кейін қалыптасады. Маск басқа планетаға көшуге дайын адамдарға қала құрып, оларды жұмыспен қамтамасыз етуге уәде берді.

Осыған дейін Илон тұрақты колония құру үшін бір миллион тонна жүк тасымалдау керектігін, ал оған шамамен 20 жыл қажет екендігін айтқан болатын. Бүкіл тасымал 2050 жылға дейін жүзеге аспақ.