Hi-Tech

26 қаңтар - Халықаралық Интернетсіз күн

Интернеттен физикалық тұрғыдан демалу

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Күн өте келе адамдар интернетке тәуелді болып келеді. Желінің жоқтығы әлеуметтік желіге, түрлі қызметтерге онлайн-төлем жасауға, бос уақытында фильм көруге қолжетімділікті шектейді.

Адамзат Интернетке толық тәуелді, жас баладан бастап ересек адамға дейін күнделікті өмірде желіге кіреді. Зерттеушілер мен ғалымдар виртуалды әлем мен байланыс шынайы өмірді толық алмастыра алады деген болжам жасады.

Адам шошытарлық көрсеткіш, жер шарындағы үш миллиард тұрғын күнделікті интернетті пайдаланады. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 80-90 пайызға жеткен, яғни, тек нәрестелерді қоспағанда.

Энтузиастар бұл сценариймен келіскілері келмейді, сондықтан Халықаралық Интернетсіз күнді белгіледі. Бұл күнді сіз таза ауада, мәдени орталықтарда жақындарыңызбен өткізе аласыз. Ол қаңтар айының соңғы жексенбісі тойланады.

Сізді осы мерекені қолдап, көптен бері кейінге қалдырып жүрген жұмыстарыңызбен айналыссаңыз болады. Интернеттің пайдасы мен бірге зияны да бар екенін ұмытпау абзал.