Спорт
Спортшы бар-жоғы 41 жаста еді
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҰлттық баскетбол қауымдастығының (НБА) аты аңызға айналған ойыншысы Коби Брайант Калифорнияда тікұшақтың апатқа ұшырауы кезінде қаза тапты. Бұл туралы TMZ Sports хабарлайды.
Ол 42 жасына қараған шағында қайтыс болды. БАҚ-ның ақпараты бойынша, бортта тоғыз адам болған, алайда ешкім тірі қалмаған.
Кейбір деректер бойынша, қаза тапқандардың ішінде, баскетболшының қызы - Жанна-Мария да бар.
TMZ мәліметі бойынша, жерге құламас бұрын тікұшақта өрт пайда болған. Апат себебі тексерілуде.
Брайант өзінің спорттық мансабында "Лос-Анджелес Лейкерс" үшін өнер көрсетті, НБА чемпионы атағын бес рет жеңіп, 18 рет жұлдыздар матчына қатысқан. Ол мансабын 2016 жылы аяқтады. Коби тарихтағы ең үздік баскетболшылардың бірі ретінде танымал.