Әлем жаңалықтары

Трамп АҚШ Ғарыш күштерінің логотипін таныстырды

АҚШ әскери күштерінің алтыншы түрі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ президенті Дональд Трамп 2019 жылы құрылған АҚШ Ғарыш күштерінің логотипін Twitter-аккаунтында жария етті.

Дөңгелек логотиптің шетінде «АҚШ Ғарыш күштері» және «Әскери-әуе күштерінің министрлігі» деген жазу орналасқан. Шеңбердің ішінде Жер планетасы бейнеленген, оның алдында жоғарыға бағытталған және орбитамен қоршалған жебе тәрізді ақ фигура бар. Төменгі жағында рим цифрларымен Күштердің құрылған жылы жазылған – 2019.

- Біздің ұлы әскери көшбасшылармен, дизайнерлермен және басқалармен кеңескеннен кейін, мен АҚШ ғарыш күштерінің жаңа логотипін, біздің керемет армиямыздың алтыншы бөлімін ұсынып отырғаныма қуаныштымын! - деп жазды ол.

Ғарыш күштері – АҚШ әскери күштерінің алтыншы түрі. Олардың мақсаты – ғарыш кеңістігінде әскери операцияларды жүзеге асыру. Қазіргі уақытта оған 16 мың адам кіреді.