Weekend

Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні ғаріп

Болашақ бүгіннен басталады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні ғаріп дегенді халқымыз бекер айтпаған.

Расында, білімі бар адамды жарқын да жарық болашақ күтеді. Ал жарқын болашақ иесі - бүгінгі жастар. Ел ертеңі де жастардың қолында. Сондықтан Қазақстан жастарының бәсекеге қабілетті,білімі мен біліктілігі жоғары болып қалыптасуы үшін барлық жағдай жасалған. Тіпті, жоғары білім алуға ниеті бар жастардың дамыған шет мемлекеттердегі алдыңғы қатарлы университеттерде оқуына да мүмкіндік бар. Ол үшін Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев арнайы бағдарлама да әзірледі. Бұл - Болашақ бағдарламасы.

Биыл бағдарламаға 26 жыл толып отыр. Қазіргі таңда елбасымыз болашақ жастардан көптеген үміт күтеді.Сондықтан сол сенімді ақтап,алға қадам басып, өзімізді тек биікке жетелеуіміз керек. Жастарға қолдау жасап,әртүрлі партиялар,көптеген бағдарламалар ашуда. Келешек жастардың бойына қуат беретіндей, еліне, жеріне, Отанына деген патриоттық сезімін оятатындай жалынды жастарымызды тәрбиелеп, рухтандыруда.

Ел ертеңі бола алатын,болашаққа жол көрсететін - жастар. Сондықтан білім алып, жоғарғы оқу орнына түсіп,елімізді дамыту осы жастардың қолында, яғни, біздің қолымызда. Әрине, білім инемен құдық қазғандай, десек те біздің елімізде білім алу үшін барлық жағдай қарастырылған. Сол себепті бүгіннен бастап білім-ғылым алу керек! Болашақ бүгіннен басталады.