Экономика
4 мың жұмысшыға жұмыс берушілер жалақы төлемеген
Министрліктің мәліметіне қарағанда, 108 кәсіпорындағы 4 мың жұмысшы төлемдерін күтіп отыр.
«2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елдің 108 кәсіпорнында 4 мың жұмыскерге жалақы бойынша берешек 1,4 млрд теңгені құрады. Бұл ретте 2019 жылы жергілікті еңбек инспекцияларының көмегімен қызметкерлерге 5,42 млрд теңге төленді, осылайша 41 мыңнан астам қызметкердің құқықтары қорғалды», – деді ведомствода.
Жалпы қарыздың:
— 174 млн теңгесі — бұл қазіргі уақытқа дейін төленбеген, тоғыз кәсіпорындағы 1 мың жұмыскерге үш айға дейін кешіктірілген сома;
— 446 млн теңге – 1,8 мың қызметкердің алдындағы 35 кәсіпорынның үш айдан астам мерзімі өткен берешегі;
— 800 млн теңге – бұл банкротқа ұшыраған 64 кәсіпорындардағы төленбеген жалақы.
Өз төлемдерін 1,8 мың қызметкер күтіп отыр.
Еңбек министрлігінде жалақы бойынша берешекті азайту үшін облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент әкімдіктері 2020 жылдың басынан бастап дағдарысқа қарсы штабтар мен әлеуметтік әріптестік жөніндегі өңірлік комиссиялардың 130-дан астам отырысының өткізілгенін, онда еңбекақы бойынша берешегі бар 1,3 мыңнан астам жұмыс берушінің тыңдалғанын хабарлады.