Weekend

Мен таңдаған мамандық

Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де, талап қыл!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Көптеген түлектер мамандық таңдауға келгенде қиналатыны бәрімізге аян. Ал мені қуантатыны таңдауым мен қалауым бір арнаға тоғысады. Мамандық таңдауда жүрегің мен ақылың бірдей бағынатын салаға бет бұруың керек деп ойлаймын. Осы таңдауды дұрыс жасағаныма мен сенімдімін.

Турасынан айтқанда, қазақ әдебиеті пәнін өте қатты жақсы көремін. Бұл пәнге қызығушылығымды бала кезімнен оятып, керек кезде қолдау мен көмек көрсете білген жылы шырайлы ұстаздарыма ерекше алғысымды білдіремін. Кейде бұл таңдауыма тікелей себепші болған осы кісілер шығар деп ойлаймын.

Себебі қырсық мінезім аса керемет емес еді, бірақ олар жүрегіме ұлтымыздың рухани қазынасы, әдебиетіміз арқылы жол тапты. 5-сыныпта оқып жүргенімде осы салада жұмыс жасағым келетінін ұғындым. Теледидардан жаңалықтар, түрлі бағдарламалар беріліп жатқанда қызыға қарайтынмын. Таңдайы тақылдап, сөзді келістіре сөйлейтін сұлу бикештің орнында болу арманыма айналды. Журналистиканың телевидение саласына қызығушылығым арта түсуде.

Журналистика-өте қызықты әрі қиын сала. Бірақ, менің ойымша, ешқандай мамандық оңай емес. Барлығы бірдей жауапкершілікті, еңбексүйгіштікті талап етеді. Сонымен қатар, әр мамандықтың шыңы болады. Сол биікке жету үшін талмай еңбектену керек. Мен өзімді осы салада көргім келеді. Болашағыма үлкен сеніммен қараймын. Келешекте осы армандап отырған дүниелер шындыққа айналуына барымды саламын.