Bugin
Ұшақта «Лос-Анжелес Лейкерстің» бұрынғы баскетболисі Коби Брайант пен оның 13 жастағы қызы да болған.
Тікұшақтың қайда бағыт алғандығы, оның құлауына не себеп болғандығы әзірге белгісіз.
Құтқарушылар оқиға орнына жылдам-ақ жеткенімен, ешкімнің тірі қалмағандығын тіркеді.
Брайант Sikorsky S-76 жеке әуе көлігімен жиі ұшады екен. Кейде тіпті «Лейкерс» матчтарына да тікұшақпен баратын болған.
Оқиғаны көзбен көргендердің айтуынша, апат алдында көліктің қозғалтқышы өшіп қалған.