Саясат
ЕАЭО елдерінен келген көліктерге сары мемнөмір беріледі
Уақытша тіркеу үшін мына құжаттарды ұсыну қажет:
- жеке куәлік;
- бұрынғы мемлекеттік немесе транзиттік нөмір белгілері;
- тіркеу туралы куәлік;
- меншік құқығын растайтын құжаттар;
- бастапқы тіркеу үшін төлем туралы түбіртек;
- мемлекеттік нөмір дайындағаны үшін баж және техпаспортты дайындағаны үшін баж;
- жыл бойы кейінге қалдыра отырып, кәдеге жарату алымы мен кедендік баж салығы.
"Бұл автомобильдерге арнайы серия мен түрдің мемлекеттік нөмірі беріледі, ал техпаспортқа аталған көлікті тіркеу шарттары туралы тиісті белгі енгізіледі. ІІМ сары фонда нөмір үлгісін шығарды. 18 цифры. Сонымен қатар, техпаспортта 2021 жылдың 1 наурызына дейін әрекет ету күні көрсетіледі", - деді Марат Қожаев.
"Егер азаматқа мұндай мүмкіндік берілсе және ол 2021 жылдың 1 наурызына дейін төлемесе, кешіріңіз, оның құжаттары 1 наурызда аяқталады. Оның мемлекеттік нөмірі заңсыз болады. Әрине, полиция шектеу шараларын қабылдайды", - деді ол.
Еске салайық, 24 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 ақпанына дейін қазақстандықтар ЕАЭО-дан елге жеткізген көліктерін бір айдың ішінде бір реттік тәртіппен жеке қолдануына уақытша тіркеуге қою мүмкіндігін беруді тапсырған болатын. Тіркеу 2021 жылдың 1 наурызына дейін жарамды.