Weekend

Армандарды жүзеге асырудың тиімді тәсілдері

Немесе армандар картасы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Армансыз адам - қанатсыз құспен тең. Расында да, мақсат-мұраттарыңыз бен ұшқыр қиялыңыз сізді биікке жетелейді. Армандарыңыздың орындалғанын қалайсыз ба? 

Ендеше мына бір кеңестерге құлақ түріңіз:

1. Алдымен, ақ парақ алып, жоспарларыңызды қазіргі уақытты негізге ала отырып жазыңыз.

2. "Мен... қалар едім", "Менің арманым..." деген сөздерді қолданбағаныңыз жөн.

3. Сөз арасын өз мұқтаждықтарыңызбен толықтырмаңыз.

4. Арманыңыздың жүзеге асуы үшін уақыт беріңіз. Сабырлылық танытып, іске көшіңіз. Әр нәрсенің өз уақыты болады.

5. Мақсат-тілектеріңіз айналаңызға нұрын шашып, өз пайдасын көрсетуі керек. Бұл - тиімді тәсілдің бірегейі.

6. Арманыңызды нақты түрде, тиянақты етіп жеткізіңіз. Мәселен: "Мен - шығармашыл тұлғамын. Жазушылар Одағының мүшесімін және елімнің дамуы үшін еңбек етіп жүрмін. Сүйікті мамандығымда жемісті қызмет атқарудамын. Еңбекақым да мол. Жақында алғашқы туындым жарық көрді. Тіпті, көпшіліктің көңілінен шығуда".

Осы сынды мұраттарыңызды қағазға түсірер болсаңыз, орындалу мүмкіндігі де шексіз болады.