Саясат
Өзбекстан кедейшілікпен күреспек
Өзбекстан президенті Парламентке жолдаған жолдауында әлеуметтік мәселеге баса назар аударды.
- Еліміздегі халықтың басым көпшілігі, әсіресе ауылдық аймақтың халқының табысы аз екені жасырын емес. Басқа елдердегідей бізде де аз қамтылған отбасылар жетерлік. Ол көрсеткіш халықтың 12-15 пайызын құрайды. Яғни, 4-5 миллион адам деген сөз. Сол себепті де мен БҰҰ-ның Даму бағдарламасы, Әлемдік банкпен және өзге де халықаралық ұйымдармен бірлесе отырып кедейшілікті азайту туралы бағдарлама жасауға ұсыныс тастаймын, - деді президент.
Бағдарлама бойынша 700 млн доллар қаржы бөлініп, Ферғана жазықтығындағы 22 ауданда кедей халықты кәсіпке баулу, жаңа жұмыс орындарын ашу сынды шаруалар жасалмақ.