Әлем жаңалықтары
Коновирустың қауіптілігі өте жоғары
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2019-nCoV коронавирустың қауіп-қатерін бағалауды «орташадан» «жоғарыға» түзеді. Бұл туралы ДДҰ-ның 26 қаңтардағы есебінде айтылған.
23-25 қаңтардағы есептерде жарияланған алдыңғы баға «дұрыс емес» деп танылды.
Қауіп-қатері Қытайда «өте жоғары», аймақтық деңгейде «жоғары» және жаһандық деңгейде «жоғары» деп бекітілді.
Қытайдан тыс жерде бұл аурумен ауырғандар Таиландта (он), Жапонияда (бес), Оңтүстік Кореяда (үш), АҚШ-та (бес), Вьетнамда (екі), Сингапурда (төрт), Малайзияда (төрт), Непалда (бір), Францияда (үш), Австралияда (төрт), Камбоджада (бір), Германияда (бір), Шри-Ланкада (бір) тіркелген.